macOS операциялық жүйесі бар құрылғыны Желілік агентті қашықтан орнатуға дайындау

macOS операциялық жүйесі бар құрылғыны Желілік агентті қашықтан орнатуға дайындау үшін:

  1. macOS операциялық жүйесі бар мақсатты құрылғыда sudo бағдарламасы орнатылғанына көз жеткізіңіз.
  2. Құрылғының конфигурациясын тексеріңіз:
    1. Клиент құрылғысында 22-порттың ашық екеніне көз жеткізіңіз. Бұл үшін, Жүйелік конфигурациялар бөлімінде Алмасу тақтасын ашып, Қашықтан кіру жалаушасының қойылғанына көз жеткізіңіз.

      Сіз клиент құрылғысына Secure Shell (SSH) протоколы бойынша тек 22-порт арқылы қосыла аласыз. Сіз порт нөмірін өзгерте алмайсыз.

      macOS құрылғысына қашықтан кіру үшін ssh <құрылғы_аты> пәрменін қолдана аласыз. macOS құрылғысына қатынасуға рұқсат алған пайдаланушылардың әрекет ету аумағын белгілеу үшін Ортақ қатынас тақтасында Қатынасты рұқсат ету параметрін қолдана аласыз.

    2. Құрылғыға қосылу үшін пайдаланылатын пайдаланушы есептік жазбасы үшін sudo сұрауы құпиясөзін өшіріңіз.

      Терминалда sudoers конфигурациялық файлын ашу үшін sudo visudo пәрменін қолданыңыз. Сіз ашқан файлда, Пайдаланушы артықшылықтары ерекшеліктері өрісінде келесіні көрсетіңіз: username ALL = (ALL) NOPASSWD: ALL. Бұл жағдайда, username – құрылғыға SSH протоколы арқылы қосылу үшін қолданылатын пайдаланушы есептік жазбасы болып табылады.

    3. sudoers файлын сақтаңыз және жабыңыз.
    4. SSH арқылы құрылғыға қайта қосылыңыз және sudo whoami пәрменінің көмегімен, sudo қызметі құпиясөзді қажет етпейтінін тексеріңіз.
  3. Орнату пакеттерін жүктеп алыңыз және жасаңыз:
    1. Желілік агенттің орнату пакетін келесі тәсілдердің бірімен жүктеп алыңыз:
      • Консоль ағашында, қолжетімді пакеттер ішінен таңдау үшін контекстік мәзірден Қашықтан орнатуОрнату пакеттері және одан кейін, Ағымдағы бағдарлама нұсқаларын көрсету таңдау арқылы.
      • https://support.kaspersky.ru/ мекенжайы бойынша Техникалық қолдау қызметі веб-сайтынан Желілік агенттің тиісті нұсқасын жүктеп алу арқылы.
      • Техникалық қолдау қызметі мамандарынан орнату пакетін сұрау арқылы.
    2. Қашықтан орнату пакетін жасау үшін келесі файлдарды пайдаланыңыз:
      • klnagent.kud;
      • install.sh;
      • klnagentmac.dmg.
  4. Бағдарламаны қашықтан орнату тапсырмасын келесі параметрлермен жасаңыз:
    • Жаңа тапсырма жасау шеберінің Параметрлер терезесінде Басқару сервері арқылы операциялық жүйе ресурстарының көмегімен жалаушасын қойыңыз. Барлық басқа жалаушаларды алып тастаңыз.
    • Тапсырманы іске қосу үшін есептік жазбаны таңдау терезесінде, тапсырманы іске қосу үшін құрылғыға SSH арқылы қосылу мақсатымен пайдаланылатын есептік жазба параметрлерін көрсетіңіз.

Клиент құрылғысы сіз жасаған тиісті тапсырманы пайдаланып Желілік агентті қашықтан орнатуға дайын.

Басына оралу